Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ішкі көші-қон мәселесі Қазақстандағы аймақаралық теңсіздік, урбанизация және әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Халықтың ел ішінде қандай бағытта және не себепті қозғалып жатқанын және қай өңірлер тұрғындарды көбірек тартып жатқандығы жайында зерделеу-өзекті мәселе. Қазақстанда ішкі көші-қон негізінен ауылдық жерлерден қалаларға бағытталады: Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі мегаполистер тіпті тартылыс орталықтарына айналған. Зерттеу барысында халықтың көшуіне ықпал ететін негізгі факторлар ретінде экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізу, жоғары білім алу, өмір сапасын арттыру және балаларға жақсы болашақ қамтамасыз ету қажеттіліктері анықталды. Сонымен қатар, ішкі миграцияның аймақтық құрылымға әсері мен оның әлеуметтік салдары басты назарға алынды. Бұл қорытындылар мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау және өңірлік даму стратегияларын жетілдіру үшін маңызды екендігі белгілі.  </jats:p>

Show More

Keywords

және көшіқон даму ішкі Ішкі

Related Articles