Abstract
<jats:p>Бұл мақала кремний карбидіне (SiC) арналған және оның синтез әдістеріне, физика-химиялық қасиеттеріне, қолдану салаларына, сондай-ақ әлемдік нарығының даму үрдістеріне кешенді ғылыми шолу жасауға бағытталған. Жұмыста SiC алудың негізгі өндірістік және зертханалық технологиялары қарастырылған, соның ішінде классикалық Ачесон әдісі, Лели әдісі және оның модификацияланған физикалық бу фазасындағы тасымалдау (PVT) нұсқасы, өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез (SHS), сондай-ақ көлемдік жану әдістері қамтылған. Әрбір синтез тәсілінің технологиялық ерекшеліктері, энергия сыйымдылығы, алынатын өнімнің құрылымдық-морфологиялық сипаттамалары, тазалық дәрежесі мен практикалық қолдану мүмкіндіктері тұрғысынан салыстырмалы талдау жүргізілген. Кремний карбидінің жоғары қаттылығы, термиялық және химиялық тұрақтылығы, тозуға төзімділігі, сондай-ақ кең тыйым салынған аймақты жартылай өткізгіш ретіндегі бірегей электрлік қасиеттері оның абразивті материалдарда, отқа төзімді керамикада, қуат электроникасында, автомобиль, энергетика және аэроғарыш өнеркәсібінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ететіні көрсетілген. Сонымен қатар, SiC әлемдік нарығы өнім түрлері, қолдану салалары және географиялық аймақтар бойынша талданып, Азиа–Тынық мұхиты өңірінің жетекші позициясы ерекше атап өтілген. Мақалада кремний карбиді өндірісін дамыту стратегиялық тұрғыдан маңызды екендігі негізделіп, жоғары қосылған құнды функционалдық материал ретінде оның болашағы зор екені көрсетіледі. Ұсынылған шолу нәтижелері SiC синтезі, қасиеттерін жетілдіру және оны өнеркәсіптік қолдану бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын әрі қарай дамыту үшін пайдалы болуы мүмкін.</jats:p>