Abstract
<jats:p>Бұл зерттеуде болашақ математика мұғалімдерінің мәтіндік есептерді шешу құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері жан-жақты қарастырылады. Оқыту барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де меңгерулері керек. Сондықтан зерттеуде математикалық модельдеу, логикалық ойлау, аналитикалық қабілеттер және тағы басқа да дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің мәтіндік есептерді шешу барысында кездесетін негізгі қиындықтары анықталады. Сонымен қоса, студенттер үшін қиындық тудырған тақырыптар талданады. Зерттеу барысында эксперимент жасалды. Эксперимент үш кезеңнен тұрды: бастапқы тестілеу, арнайы әдістемелік сабақтар және қорытынды тестілеу. Эксперимент кезінде студенттерге бірнеше арнайы әдістемелік сабақтар өткізілді. Алғашқы тест нәтижелері болашақ мұғалімдердің қажеттіліктерін айқындап берді. Арнайы сабақтар барысында аталмыш қажеттіліктер, қиындықтар ескерілді. Сабақтарда дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері қолданылды. Сонымен қатар визуалды құралдар, топтық жұмыс, проблемалық оқыту әдістері де тыс қалмады. Қорытынды тест нәтижелері студенттердің есептерді шешу дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Эксперимент соңында студенттерден сауалнама алынып, олардың сабақ жайлы ойлары сұралды. Орын алған тәжірибелік зерттеу болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға шақырады.</jats:p>