Abstract
<jats:p>Мақалада Қожа Ахмет Ясауи мұрасының түркі-ислам өркениетіндегі орны мен қазіргі қоғам үшін өзектілігі жан-жақты қарастырылады. Автор Ясауи ілімінің рухани-адамгершілік, мәдени-өркениеттік және тарихи маңызын талдап, оның қазақ халқының дүниетанымы, діни тәжірибесі, ұлттық болмысы мен мемлекеттілік санасының қалыптасуына ықпалын көрсетеді. Ясауиілімінің негізгі ұстанымдары –ар тазалығы, рухани кемелдену, өзін-өзі тану, махаббат пен бауырластық құндылықтары ретінде сипатталады. Сонымен қатар мақалада Ясауийа тариқатының Орта Азия, Анадолы, Балқан, Еділ-Орал және Үндістан кеңістіктеріне таралуы, оның мәдени ықпалы мен тарихи сабақтастығы нақты деректер негізінде сараланады. Ясауимұрасын зерттеуге қатысты батыстық және шығыстық ғылыми көзқарастар талданып, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі Ясауитану мәселелері қарастырылады. Автор Ясауи мұрасының қазіргі Қазақстандағы рухани жаңғыру, дәстүрлі исламды ғылыми тұрғыдан тану және ұлттық құндылықтарды қайта зерделеу үдерісіндегі маңызын айқындайды. Сондай-ақ Ясауимұрасын насихаттау мен зерттеуді жүйелі түрде дамытуға бағытталған ғылыми және мәдени ұсыныстар беріледі.</jats:p>