Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ислам саяси ойының тарихында мемлекет мәселесі теориялық әрі практикалық тұрғыдан маңызды орын алады. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары саяси биліктің мәні, оның құқықтық негіздері, қоғамды басқарудың діни-нормативтікөлшемдері туралы терең әрі жүйелі көзқарастар қалыптастырды. Осы тұрғыда әл-Мауарди, Әбу Хамид әл-Ғазали және ИбнТаймияның мемлекет туралы ілімдері исламдық саяси философияның негізгі бағыттарын айқындайтын маңыздыинтеллектуалдық мұра болып табылады. Бұл ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдер мен саяси жағдайларда өмір сүргенімен, олардың еңбектерінде мемлекет пен саяси биліктің мақсаты, дін мен саясаттың арақатынасы, билеушінің жауапкершілігіжәне қоғамдық әділеттілік мәселелері ортақ тақырып ретінде көрініс табады. Әл-Мауарди мемлекетті шариғат нормаларын жүзеге асыратын саяси институт ретінде қарастырып, халифат билігінің құқықтық және әкімшілік негіздерін нақтылап көрсетеді. Әл-Ғазали дін мен мемлекетті бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын, өзара тәуелді құрылымдар деп түсіндіріп, олардың үйлесімділігі қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі екенін атап өтеді. Ал Ибн Таймия саяси биліктің негізгі міндеті әділеттілікті орнату және қоғамның ортақ мүддесін қорғау деп пайымдайды. Осы мақалада аталған ойшылдардың мемлекет туралы көзқарастары салыстырмалы талдау әдісі арқылы зерттеліп, олардың ислам саяси ойының дамуына қосқан үлесі айқындалады.</jats:p>

Show More

Keywords

саяси мемлекет биліктің туралы және

Related Articles