Abstract
<jats:p>Мақалада халқымыздың құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтың бұрын соңды жарық көрмеген, тың еңбектерінің бірі «Жетісу 1730-1916» атты еңбегінің тарихи маңызы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себеп салдары жан-жақты қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Ілияс Жансүгіровтың «Жетісу 1730-1916» атты еңбегінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті зерттеуде қандай маңызы бар екендігін анықтау. Ізденіс материалы – «Жетісу 1730-1916» еңбегінің түпнұсқасы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына байланысты зерттеулер. Тақырыптың өзектілігі – 2026 жылдың жаз айында бүкіл Қазақстанда оның ішіде көтерілістің ipi ошақтарының бірі болған Жетісу жеріндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысқа 110 жыл толады. Ал Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғанына 35 жыл толады. Қазақстан тәуелсіздігінің қадыр-қасиетін түсіну үшін, егемендіктің тізгінін келер ұрпақ қолында нық ұстап отыру үшін, бүгінен бастап жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу үшін бабаларымыздың тәуелсіздікті арман еткен күрес жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын жүйелі зерттеу өзекті болып табылады. Мақаланы жазу барысында ғылыми таным әдісінің тарихилық, жүйелілік, обьективтілік және логикалық принциптері басшылыққа алынады. Нәтижесінде І.Жансүгіровтың еңбегінде 1730 жылдан бастап 1916 жылға дейінгі отарлау процесі, жер тартып алу, салық саясаты көтерілістің негізгі себептері ретінде көрсетілгендігі, ал 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс ұлттық сананың ояануының шыңы ретінде баяндалғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан тарихы, әдебиеттану, ұлт-азаттық қозғалыс тарихын ЖОО-да қолдануға болады.</jats:p>