Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжолов поэзиясындағы азаттық идеясының көркемдік-эстетикалық табиғаты кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақын шығармашылығында тәуелсіздік ұғымының қалай қалыптасып, қандай поэтикалық тәсілдер арқылы көрініс тапқанын анықтау. Авторлар Қасым Аманжолов поэзиясын тарихи-әлеуметтік контекстпен сабақтастыра отырып, уақыт – қоғам – адам үштағаны аясында қарастырады. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, типологиялық және мәтіндік талдау әдістері қолданылды. Ақын өлеңдеріндегі азаттық идеясы лирикалық қаһарманның дүниетанымы, азаматтық ұстанымы және стильдік ерекшеліктерімен тығыз байланыста зерделенеді. Әсіресе «Дүниеге жар» өлеңі негізгі мәтіндік нысан ретінде алынып, ондағы ұлттық сана, еркіндікке ұмтылыс және адамзаттық құндылықтар жүйесі айқындалады. Мақалада Қасым Аманжолов поэзиясының Махамбет, Абай, Мағжан, Ілияс Жансүгіров дәстүрімен сабақтастығы көрсетіліп, дәстүр мен жаңашылдық мәселесі нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Ақын поэзиясындағы бейнелі сөз қолданыс, лиризм мен пафостың, философиялық тереңдік пен азаматтық үннің біртұтас көркемдік жүйе құрауы зерттеудің негізгі нәтижелерінің бірі болып табылады. Асылы, қандай шығарма болса да, оның құндылық қадір-қасиеті кейіпкер келбетінің мейлінше кесек түрде кескінделіп, сомдалуымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Сондықтан да күрделі ұғым болып табылатын стильдің Қасым шығармашылығындағы өзіндік ерекшелік, сипаттары жан-жақты саралаудан өткізілді, нақтылай айтсақ, ақындық шеберліктің ұлттық болмыс иірімдерінен, философиялық ой-толғамның қазақтың ғасырлар бойы жасаған мол мұрадан сусындауынан, өткірлік элементтерінің нәзік сыршылдық, шынайы элегиямен ұштасып, бір тұтастыққа айналуынан байқалатыны ғылыми тұрғыдан дәйектеліп, дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері Қасым Аманжолов шығармашылығындағы азаттық идеясының қазақ поэзиясындағы ұлттық рух пен тәуелсіздік санасының қалыптасуындағы маңызын айқындайды. Мақала тұжырымдары қазақ әдебиеті тарихын, поэзия теориясын оқытуда, сондай-ақ тәуелсіздік идеясына арналған ғылыми зерттеулерде пайдалануға болады.</jats:p>

Show More

Keywords

Қасым Аманжолов қазақ поэзиясындағы азаттық

Related Articles