Abstract
<jats:p>Қазіргі заманғы білім беру саласы технологиялық инновациялармен тығыз байланысты. Цифрландыру, жасанды интеллект (ЖИ) және нейрожелілер қоғамның барлық салаларына еніп, білім беруде жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл үрдіс мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқу процесін тиімді етуге бағытталған. Дегенмен, мұғалімдерге жүктелген тапсырмалардың көптігі – білім сапасының төмендеуіне, шығармашылық әлеуеттің шектелуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мұғалімдердің жүктемесін азайту арқылы олардың негізгі міндетіне – сапалы білім беруге шоғырлануына мүмкіндік жасау өзекті мәселеге айналып отыр.Білім беру саласындағы ЖИ мен нейрожелілерді қолдану жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Мысалы, сабақ жоспарын дайындау, оқу материалдарын құрастыру, оқушылардың білімін бағалау және деректерді талдау сияқты міндеттерді автоматтандыру мұғалімдердің уақытын үнемдейді. Бұған дейінгі зерттеулерде жасанды интеллект пен автоматтандырудың жалпы артықшылықтары көрсетілгенімен, бұл технологиялардың мұғалім жұмысына тікелей әсері жан-жақты қарастырылмаған.Бұл зерттеудің жаңалығы – нейрожелілерді мұғалім жұмысын жеңілдету құралы ретінде нақтылап, олардың практикалық қолдану тәсілдерін ұсынуында. Баяндаманың мақсаты – нейрожелілердің педагогикалық процестегі рөлін анықтап, олардың көмегімен мұғалімдердің жүктемесін азайтудың тиімді жолдарын көрсету. Сонымен қатар, нейрожелілердің практикалық мүмкіндіктері мен олардың білім беру сапасын арттырудағы ықпалы талданады.</jats:p>