Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p xml:lang="kk">Қожа Ахмет Ясауи XII ғасырда Орталық Азияда өмір сүрген әйгілітүркі сопысы. Ол араб және парсы тілдерін меңгергеніне қарамастан, исламды жаңа ғана қабылдаған, өзінің ана тілінде сөйлейтін көшпелі түркі қауымына дінді қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуді мақсат етті. Сол себепті оның хикметтері көркемдікке емес, исламның сенім, ғибадат және адамгершілік принциптерін халыққа түсіндіруге арналған. Бұл хикметтер ғасырлар бойы ауыздан-ауызға жетіп, Орталық Азия мен түркі әлеміндегі діни-сопылық дәстүрдің маңызды деректері ретінде бағаланады. Ясауи өзінің көздеген мақсатына жету үшін шәкірттерін Бұхара, Хорасан және Анадолы аймақтарына жіберіп, жаңадан мұсылман болған түркілерге ислам дінінің сенім, ғибадат және моральдық-этикалық тұжырымдарын үйретуге атсалысқан. Оның қарапайым хикметтері халық арасында тез таралып, оны кеңінен танымал еткен. Бүгінде Ясауи Орталық Азия, Анадолы және Балқан өңірлерінде тарихи-мәдени тұлға ретінде құрметпен еске алынып, оның философиялық және діни көзқарастары жаңа ұрпақтың рухани тәрбиесінде айқындаушы ықпалға ие болып отыр.</jats:p>

Show More

Keywords

және Ясауи Орталық жаңа өзінің

Related Articles

PORE

About

Connect