Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазақ тіліндегі мейрам-той атауларының тақырыптық-мағыналық топтары қарастырылады. Мейрам-той атаулары ұлттық лексиканың құрамдас бөлігі ретінде халықтың дүниетанымын, салт-дәстүрін, әлеуметтік-қоғамдық құрылымын және мәдени өмірін тұтастай бейнелейтін этномәденилингвистикалық бірліктер. Мақаланың мақсаты – мейрам-той атауларын тақырыптық-мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып сипаттау және оларды қазақ халқының танымымен, ұлттық салт-дәстүрімен, әлеуметтік-мәдени ортасымен, қоғамдағы орнымен сабақтастықта қарастыру. Осы мақсатқа сәйкес мейрам-той атаулары Ә. Қайдардың топтастыруы, этнографиялық жіктеу және Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңы негізінде жүйеленіп, тақырыптық-мағыналық топтарға бөлінді. Аталған топтарға ұлттық салт-дәстүрге қатысты атаулар, мемлекеттік мерекелер және қазіргі заманауи мерекелік атаулар енгізілді. Зерттеу барысында дәстүрлі түрде өткізілетін тойлар мен қазіргі мерекелік іс-шаралардың мәдени-әлеуметтік ерекшеліктері және олардың қоғамдағы ынтымақтыстық пен береке-бірлікті қалыптастырудағы рөлі талданды. Мейрам-той атаулары ұрпақтан-ұрпаққа мәдениет пен дәстүрді жеткізетін кумулятивтік қызмет атқара отырып, этномәдени кодтарды сақтаудың құралы екені айқындалып, дәстүрлі құндылықтар мен заманауи әлеуметтік құбылыстар арасындағы сабақтастықты көрсететіні анықталды. Зерттеу нәтижесінде мейрам-той атаулары этностың болмысы мен дүниетанымын бейнелейтін дербес этномәдени тақырыптық-мағыналық топ екені дәйектелді.</jats:p>

Show More

Keywords

және мейрамтой тақырыптықмағыналық атаулары ұлттық

Related Articles

PORE

About

Connect