Abstract
<jats:p>Әр халықтың мәдениеті мен ұлттық болмысын терең бейнелейтін фразеологизмдерді аудару барысында тек лексикалық мағынасын ғана емес, олардың астарындағы бейнелік және эмоционалдық мәнін де дұрыс жеткізу аудармашының басты мақсаты. Аударма үдерісіндегі стратегияның дұрыс таңдалуы нәтижелі, әрі түсінікті аудармаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы ретте аудармашы мәтіннің мәдени астарын аударуда қолданылатын доместикация (жерсіндіру) немесе форенизация (шеттендіру) стратегиясының бірін дұрыс таңдай білу керек. Мақалада аударматанудың жаңа бағыты ретінде қалыптасып келе жатқан киноаудармадағы доместикация мен форенизация стратегияларының фразеологизмдерді аудару барысындағы қолданысы қарастырылған. Фильмнің мазмұнын, стилін және мәдени контекстін сақтай отырып, фразеологизмдерді көрерменге түсінікті, әрі табиғи тілде жеткізу әдеттегі аудармадан гөрі киноаудармада басқаша ізденіс пен шеберлікті талап етеді. Көрерменге кинофильмнің шет елдік сипатын сездірмей, түсінікті әрі жеңіл жеткізуді мақсат ететін доместикация стратегиясының тиімділігі мен қолдану жолдары, ал кей жаяғдаятта көрерменді басқа мәдениетке жақындатып, оның өзгешеліктерін сезінуге мүмкіндік береді форенизация стратегиясының қолданудағы ұтымды тұстарды кинофильм аудармасының мысалдары арқылы көрсетіліп, дәйектелген. </jats:p>