Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақала қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығындағы авторлық жоқтау өлеңдерін талдауға және олардың қазақ халқының бай фольклорлық дәстүрімен тығыз байланысын зерттеуге арналған. Ақынның жоқтау өлеңдерінің халық ауыз әдебиетімен байланысын, ортақтығын, көркемдік тәсілін қарастырдық. Талдау нысанына Мәшһүр Жүсіптің жеті авторлық жоқтау жырлары алынды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жоқтау өлеңдеріндегі образдар мен тақырыптар халық ауыз әдебиетіндегі жоқтау лирикасына тән ұқсастықтар мен авторлық ерекшеліктер анықталды. Қазақ фольклорының элементтерінің авторлық қолданыста болуына назар аударылды. Ізденісте фольклорлық мотивтердің болуы ғана аталып берілмей, олардың әртүрлі жолдармен жасалғанын зерттеуге және Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылық қолтаңбасы мен заманының тарихи шындықтары тұрғысынан қарау мүмкіндігі орындалған. Ақынның қазақ халық шығармашылығынан алынған дәстүрлі жылауларды (жоқтау), эпикалық формулаларды, метафораларды қайтыс болған жақындарын жоқтап терең қайғы-қасірет білдіру және болмыс туралы ой толғау үшін қалай қолданатынына мән берілді. Атап айтқанда, зерттеу Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жоқтау лирикасындағы негізгі фольклорлық элементтерді тануға бағытталды. Сонымен қатар, оның өміріндегі оқиғалардың, сондай-ақ өз заманының қоғамдық-саяси процестерінің ақын өрнектеген жоқтау лирикасына қалай әсер еткені бағамдалды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қазақ халқының фольклорлық дәстүрлерін сақтау мен дамытудағы рөлі, оның шығармашылығының кейінгі қазақ әдебиетіне әсерін бағалау маңыздылығы ескерілді. Кілт сөздер: жоқтау лирикасы, фольклор, фольклорлық дәстүр, тұлға, Мәшһүр Жүсіп.</jats:p>

Show More

Keywords

жоқтау Мәшһүр Жүсіп қазақ Көпеевтің

Related Articles