Abstract
<jats:p>Топырақтың тозуы мен макро-және микроэлементтердің жетіспеушілігі жағдайында магний, азот және күкірт негізіндегі тыңайтқыштардың жергілікті өндірісін дамыту Қазақстанның аграрлық секторы үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Мақалада Костанай облысындағы Жітіқара кен орнынан алынатын хризотилді шикізатты өңдеу барысында түзілетін серпентиниттік қалдықтарды магнийлі тыңайтқыштар өндірісіне жарамды минералдық шикізат көзі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тыңайтқыштар азот және күкірт компоненттерімен интеграцияланған магний селитрасы мен эпсомит өнімдерін қамтиды. Магний селитрасы мен эпсомитті алудың жаңа технологиялық схемалары мен тәсілдері Mg(NO3)2және MgSO4өнімді ерітінділерді қышқылдық шаймалау мен алуды бейтараптандыру және тазарту сатыларын қамтиды. Алынған өнімдердің сапалық көрсеткіштері келтірілген. Серпентиниттік қалдықтан магнийді, магний селитрасы және эпсомит түрлерінде алу бойынша ұсынылған технологиялықшешімдер хризотилді шикізат қалдықтарын қайта өңдеудің экологиялық, агрохимиялық және экономикалық аспектілерін қамтитын жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына ықпал ете алатындығын көрсетті</jats:p>