Abstract
<jats:p>Мақалада Қазақстан Республикасында өсірілетін ноқат (Cicer arietinum L.) пен бұршақтың (Pisum sativum L.) дәндерінің физика-химиялық көрсеткіштеріне кешенді баға берілді. Негізгі параметрлер (натурасы, 1000 дән массасы, тығыздығы, дән көлемі, ылғалдылығы және қышқылдығы) анықталып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Ноқаттың жоғары натурасымен, 1000 дән массасымен және дән көлемімен ерекшеленетіні, ал бұршақтың тығыздығы жоғары әрі қышқылдығы төмен екені анықталды. Алынған нәтижелер жергілікті генотиптердің қасиеттері туралы деректерді толықтырып, аталған дақылдардың тамақ өнеркәсібінде қолдануға технологиялық жарамдылығын дәлелдейді.</jats:p>
Show More
Keywords
дән
бұршақтың
1000
тығыздығы
және