Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Елді индустрияландырудың жоғары қарқыны химиялық қауіпті объектілері бар жұмыс істеп тұрған және жобаланатын кәсіпорындардың қоршаған ортаға қауіп-қатерін бағалауды ерекше өзекті етеді. Сонымен қатар, химиялық қауіпті объектідегі апаттың әсер ететін факторларынан қоршаған ортаның осалдығы қауіпті априорлық бағалау кезінде қолданылатын маңызды көрсеткіш болып табылады.Зерттеудіңмақсаты химиялық қауіпті объектілердегі техногендік төтенше жағдайлардың әсер ететін факторларынан қоршаған ортаның осалдығын сипаттайтын көптеген критерийлік параметрлерді анықтау болып табылады.Зерттеуде сараптамалық бағалау әдісі қолданылды. Экологиялық тәуекел объектілері орналасқан жеріне қарай екі санатқа бөлінді: құрлықта және су ортасында. Жер учаскесі үшін химиялық қауіпті объектіден қоршаған ортаның осалдығын сипаттайтын кластерге 4 критерийлік параметр, ал су ортасы үшін ұқсас кластерге 5 критерийлік параметр кіреді. Сондай-ақ, сараптамалық зерттеу барысында осы кластерлердегі салмақ коэффициенттері бөлініп, олардың қоршаған орта объектілерінің осалдығына үлестік үлесі анықталды.</jats:p>

Show More

Keywords

қауіпті қоршаған химиялық ортаның критерийлік

Related Articles