Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада химия пәнін оқытуда төңкерілген сынып технологиясын енгізудің тиімділігі мен оның білім алушылардың оқу әрекетіне ықпалы жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, теориялық білімді саналы игеру және практикалық дағдыларды дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Дәстүрлі оқыту үдерісі оқушылардың пассивті тыңдаушы ретінде қалып қоюына әкелсе, төңкерілген сынып технологиясы оқушылардың сабаққа дейін дербес дайындалуын қамтамасыз етіп, аудиториялық уақытта теорияны талқылауға, мәселелерді шешуге және практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 10-сынып оқушыларына химия сабақтарында алдын ала бейнематериалдар мен цифрлық ресурстар ұсынылып, сабақ үстінде топтық жұмыс, сұхбаттық талқылау және практикалық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылардың әдіске қатысты пікірін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері оқушылардың басым бөлігінің төңкерілген сынып технологиясын тиімді деп бағалайтынын көрсетті. Атап айтқанда, оқушылардың көпшілігі алдын ала берілген бейнематериалдардың тақырыпты түсінуге көмектесетінін, теорияны үйде меңгеру сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін және практикалық тапсырмалардың білімді терең меңгеруге ықпал ететінін атап өтті.</jats:p>

Show More

Keywords

оқушылардың және практикалық төңкерілген сынып

Related Articles