Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ашытылған сүт өнімі –айранның тағамдық және энергетикалық құндылығы құрамын балғын жүгері шашағының сығындысымен байытқанда артатындығы белгіленді. Балғын жүгері шашағының сулы сығындысымен байытылған айранның май қышқылдық құрамының биологиялық құндылығы біршама жоғары екендігі анықталды. Өнімде метилбутират пен метилцис-11,14-эйкосадиеноаттың болуы өнімнің биологиялық тиімділігін көрсетеді. Метилцис-10-пентадеканоат, метилцис-9-олеат, метилнейронатминималды мөлшерде кездеседі, ал метилундеканоат және метиллаурат, метилтрикосанатының іздері бар.Омега-6 май қышқылының өкілі саналатын метилцис-5,8,11,14-эйкосатриеноатының айранның құрамындағы мөлшері 0,00413% құрады. Омега-3 және омега-6 қатынасы 1:2 болуы шарт. Ұсынылып отырған өнімде бұл екі май қышқылының қатынасы 1:1,87 құрады.Балғын жүгері жібегі құрамында пантотен қышқылы (дәрумен B5) бар және ол қышқылдың құрамында β-аланин мен пантоин қышқылы (2,4-дигидрокси-3,3-диметилмай қышқылы) болуы май қышқылын белсендіреді.</jats:p>

Show More

Keywords

және май айранның жүгері болуы

Related Articles