Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада органикалық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату мәселесі және оларды қайта өңдеу негізінде алынатын биогумустың ауыл шаруашылығындағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда органикалық қалдықтардың (мал қиы, ас қалдықтары, өсімдік қалдықтары және т.б.) айтарлықтай көлемде жинақталып жатыржәне олардың көбінің қайта өңдеусіз тасталуы экологиялық қауіп тудырып отыр. Осы орайда, биогумус өндірісі –табиғи ресурстарды үнемдеуге, топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық әрі экологиялық жағынан қауіпсіз әдіс ретінде ұсынылады.Мақалада вермикомпосттау технологиясының кезеңдері, оны жүзеге асырудың биологиялық және техникалық талаптары сипатталады. Құрттар арқылы органикалық қалдықтарды өңдеудің тиімділігі, алынған биогумустың агрономиялық құндылығы және топыраққа тигізетін әсері ғылыми деректерге сүйене отырып сипатталады. Сондай-ақ, Қазақстан жағдайында биогумус өндірісін дамытудың әлеуеті мен негізгі проблемалары, нормативтік және инфрақұрылымдық шектеулер де талданған. Зерттеу әдеби шолу негізінде жүргізілген.</jats:p>

Show More

Keywords

және органикалық қалдықтарды қайта негізінде

Related Articles