Abstract
<jats:p>Шикізат сапасы мен соңғы өнім арасында тығыз байланыс бар. Мақтаның жоғары сапасы қолайсыз өндіріс жағдайында да иірілген жіптің жоғары сапасына кепілдік береді. Демек, негізгі міндеттердің бірі–тұтынушылардың қалауын ескере отырып, жоғары сапалы иірілген жіптерді өндіру үшін мақта талшығының қасиеттерінің параметрлерінің әсерін зерттеу.Бұл мақалада халықаралық стандарттарға сәйкес HVI 1000 өлшеу жүйесінде әртүрлі селекциялық сұрыптыңң мақта талшықтарының сапа көрсеткіштерін анықтауға эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ, иірілген жіптің сапасына ең үлкен әсер қыр-қоқыстардың қоспалары болып табылады, олар бастапқы өңдеу кезінде жеткілікті түрде өтпейді. Осыған байланысты Құмкоргон С-4727, Мақтарал 4011, Сұлтон мақта сорттары иірілген жіптің физикамеханикалық қасиеттерінің қыр-қоқыстар санына тәуелділігіне зерттелді. Алынған мәліметтер бір сұрыптың басқаларына қарағанда айтарлықтай артықшылықтарын анықтамайды, бірақ Кумкоргон және Султон сорттарында үзілістің салыстырмалы төмендеуібайқалады.Иірілген жіптің қасиеттерін дәл болжау үшін неғұрлым жан-жақты тәсіл және көп факторлы алгоритм қажет, өйткені бір факторлы эксперимент мақта талшығының параметрлерінің әсерінің толық көрінісін бермейді.</jats:p>