Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақстандағы лудомания мәселесі әлеуметтік, экономикалық және құқықтық тұрғыдан өзекті болып отыр. Құмар ойындарға тәуелділік, әсіресе жастар мен мемлекеттік қызметшілер арасында, жеке тұлғаның психикалық және қаржылық жағдайына, сондай-ақ отбасы мен әлеуметтік қатынастарға теріс әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, казино, букмекерлік кеңселер, ойын автоматтары және онлайн платформалардың өсуі лудоманияның таралуына ықпал етеді. Құмар ойындарға тәуелділік жеке тұлғаларға ғана емес, корпоративтік сектор мен мемлекеттік бюджетке де экономикалық зиян келтіреді. Мемлекеттік деңгейде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдануда, олар құмар ойындарға қатысуды шектеуге, жастарды қорғауға, заңсыз ойын мекемелерінің қызметін тоқтатуға және лудоманияға бейім азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Халықаралық тәжірибе құмар ойындардан түскен кірістің бір бөлігін алдын алу, емдеу және зерттеулерге бағыттаудың тиімділігін дәлелдейді. Заңнамалық реттеу, алдын алу шаралары, ақпараттандыру, корпоративтік саясат және психологиялық қолдауды біріктіретін кешенді тәсіл лудомания деңгейін төмендетуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның тұрақты әрі жауапты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және ойындарға мен лудомания әлеуметтік

Related Articles