Abstract
<jats:p>Мақалада жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуының әсерінен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының өзгеруі қарастырылады. Жасанды интеллект бүгінде мәдени мазмұнды жасауға, таратуға және қабылдауға, сондай-ақ ұлттық мұраны сақтауға әсер етеді. Мақалада авторлар мәдениет пен жасанды интеллект арасындағы байланысты сипаттайтын зерттеулерге шолу жасайды, соның ішінде технологияны этикалық пайдалану бойынша ЮНЕСКО ұсыныстары ескерілген. Эксперименттік бөлім Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын, атап айтқанда 2023–2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасын, Шығармашылық салаларды дамыту тұжырымдамасын және 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын талдауға негізделген. Мәдени саясат пен жасанды интеллект саясатының бір-бірін толықтыратын және қай жерде олқылықтар бар екенін анықтауға мүмкіндік беретін «үйлесімділік матрицасын» жасау үшін салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның мәдени саланы цифрлық түрленуіне белсенді түрде бет бұрып жатқанын көрсетеді. Дегенмен, этика, жасанды интеллектті реттеу және мәдени әртүрлілікті сақтау мәселелері әлі де егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Зерттеу тұрақты болашақ үшін мәдени және цифрлық стратегияларды біріктіру қажет деген қорытындыға келеді.</jats:p>