Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеуде бейорганикалық химияны оқытуда STEAM технологиясын қолданудың жан-жақты тиімділігі қарастырылды. Жұмыс барысында «Химиялық реакция жылдамдығы» және «Химиялық тепе-теңдік» тақырыптары бойынша теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын арнайы ұйымдастырылған сабақ және зертханалық жұмыс жүргізілді. Алдын ала сауалнама жүргізу арқылы студенттердің зерттеушілік, шығармашылық және ғылыми дағдыларында қалыптасу деңгейінде бірқатар қиындықтар бар екенін анықталды. Осыған байланысты оқу процесіне  STEAM технологиясының элементтерін енгізу арқылыстуденттердің пәнге қызығушылығын арттыру және олардың практикалық дағдыларын дамыту мақсат етілді.  Практика барысында STEAM технологиясын қолдана отырып алынған ғылыми теорияны олар әрі қарай зерттеп зерттеушілік дағдыны қалыптастыру арқылы оны тәжірибелік түрде қолдана алды.   Зертханалық жұмыс нәтижелерін модельдеу, визуализация және графикалық өңдеу студенттердің шығармашылық ойлауын айтарлықтай дамытты. Пост-сауалнама нәтижелері STEAM технологиясының студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижелері STEAM тәсілінің химияны оқыту сапасын арттыруда және білім алушылардың ғылыми танымдық белсенділігін дамытуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.  </jats:p>

Show More

Keywords

және steam студенттердің зерттеушілік ғылыми

Related Articles