Abstract
<jats:p>Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі цифрлық трансформация жағдайында қарқынды даму үстінде. Бұл үрдіс жоғары оқу орындарында болашақ педагогтерді, соның ішінде математика мұғалімдерін даярлау процесіне тікелей ықпал етуде. Дәстүрлі оқыту тәсілдері мен цифрлық технологиялардың үйлесімді түрде біріктірілуі – сапалы әрі заманауи білім берудің негізгі шартына айналып отыр. Мақалада жоғары білім беру жүйесінде аралас оқыту технологиясын болашақ математика мұғалімдерін кәсіби даярлауда қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Цифрлық және дәстүрлі әдістерді ықпалдастыра отырып, оқыту ортасын тиімді ұйымдастыру жолдары сипатталады. Шетелдік теориялық модельдерге шолу жасалып, олардың білім сапасына әсері талданады. Сонымен қатар, аралас форматта сабақ жоспарлау мен өткізуге арналған нақты әдістемелік ұсыныстар беріледі. Зерттеу нәтижелері аралас оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқыту үдерісін даралауға және болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған икемді білім беру ортасын қалыптастырудың маңызын айқындайды.</jats:p>