Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Тарихи тақырып – бүгінгі күні де әдебиет пен өнердегі өзекті мәселелердің бірі. Тарихи жанрда ең бастысы – белгілі бір дәуірдің өмір шындығын көркемдік тұрғыда ашу, уақыт бедерін дәл бейнелеу, қоғамдық-тарихи факторлардың көркем әдебиеттегі рөлін айқындау болып табылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени тәжірибе тарихи роман секілді ірі эпикалық жанрдың дамуына негіз болды. Бұл мақалада Алтын Орда дәуірінің тарихы мен тұлғаларының көркемдік бейнесі авторлық концепциялар тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу барысында тарихи роман жанрының типологиялық ерекшеліктері мен жазушының деректі материалдармен жұмыс істеу тәсілінің рөлі анықталды. Тарихи роман – ең алдымен, жазушының белгілі бір тұлғаның бейнесі арқылы маңызды көркемдік идеяны жүзеге асыратын, дербес әдеби жанр. Бұл жанрда әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік және қоғамдық-саяси сипаты көркемдік тұрғыда жинақталып бейнеленеді. Жазушының басты назары мемлекет пен халықтың даму тарихына бағытталады. Зерттеу нысаны ретінде Алтын Орда кезеңіне қатысты тарихи романдар: Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясы, Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс хан» дилогиясы, Исай Калашниковтың «Қатігез ғасыр» романы және Нұрлан Санжардың «Жошы – күтпеген қонақ» романы таңдалып алынды. Бұл туындылар авторлардың шығармашылық әдісі мен стиліне байланысты өзіндік көркемдік ерекшеліктерімен сипатталады. Дегенмен тарихи роман жанрына тән ортақ сипаттар мен құрылымдық ерекшеліктер сақталған. Аталған төрт авторды да Шыңғыс хан бейнесін және оның билік еткен тұсындағы түркі халықтарының тарихи тағдырын көркем түрде бейнелеу барысында пайдаланылған дереккөздер жүйесі біріктіреді.</jats:p>

Show More

Keywords

көркемдік тарихи роман мен Тарихи

Related Articles