Abstract
<jats:p>Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің түпнұсқа мәтінін анықтау мәселесі қарастырылады. Қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім ақын шығармаларының баспа нұсқалары мен қолжазбалары арасында мәтіндік алшақтықтар жиі кездеседі. Зерттеуде негізгі назар өлең мәтіндерін салыстыру, мәтіндік бірізділікті айқындау және түпнұсқаға жақын нұсқаны қалпына келтіру жолдарына аударылды. Қолжазбалар қорындағы материалдар мен әр кезеңде жарық көрген жинақтар өзара салыстырылып, мәтіндік айырмашылықтар сараланды. 1912 жылы жарық көрген «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы мен 1988 жылдан бері жарық көріп келе жатқан ақын жинақтары салыстырылып, мәтінтанулық талдаулар жүргізілді. Алғашқы нұсқасын анықтау жолдары ұсынылды. Сонымен қатар Шәкәрім шығармаларының ғылыми басылымын әзірлеу үшін текстологиялық талдаудың қажеттілігі мен маңызы негізделеді. Зерттеу барысында ақынның әр жылдары жарық көрген шығармалары, қолжазбалары, сондай-ақ мұрағаттық деректер мен әдеби-сын еңбектер негізгі нысан ретінде алынды. Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылығына қатысты материалдар текстологиялық, деректанулық және библиографиялық тұрғыдан қарастырылып, оның әдеби мұрасының толыққанды ғылыми жинағын әзірлеудің алғышарттары айқындалды. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің түпнұсқалық мәтінін анықтау – оның көркемдік әлемін толық тануға, рухани мұрасын келер ұрпаққа бұрмаланбай жеткізуге мүмкіндік береді.</jats:p>