Abstract
<jats:p>Мақалада Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің тарихына, репертуарына, сол салада еңбек еткен көрнекті тұлғалардың шығармашылығына ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы шолу жасалады. Музыкатанушылардың зерттеулеріндегі очерк, тарау, мақалалардағы құнды мағлұматтарға сілтеме беріле отырып, Бисенғали Ғизатовтың «Оркестр народных инструментов им. Курмангазы» (1955, 1957, 1994) атты үш рет басылып шыққан кітабына салыстырмалы шолу жасалды. Нәтижесінде оларда әр жарық көрген сайын музыкалық талдаулардың, оркестрдің негізін қалаушылар мен белді мүшелері (дирижер, композитор, орындаушы) жайлы мағлұматтардың кеңейіп отырғаны байқалады. Осы тұрғыда Құрманғазы оркестрі құрылған алғашқы онжылдықтарда оның репертуар қорын толықтыру маңызды мәселелердің бірі болғанын ескерсек, оны жүзеге асыруда қандай еңбектер атқарылғаны, күйші-домбырашылардың орындауындағы күйлерді оркестрде игеру жолдары қалай жүргізілгендігі қызығушылық тудырып, зерттеліп отырған мәселенің өзектілігін ашатыны сөзсіз. Әрине, бір мақала көлемінде осындай үлкен саланы толық қамтып шығу мүмкін болмағанымен, бірнеше күйлердің оркестрге өңделген түрін қазақ дәстүрлі музыкасының мол байлығын сақтап қалған өнер иелерінің қоржынындағы нұсқалармен салыстыра талдап көрдік. Сол арқылы дәстүрлі музыка жауһарларының академиялық музыка арнасына ойысқанда қаншалықты өзгеріске ұшырағанын (форма, ырғақ, өлшем, т.б.), ондағы өзіндік ерекшеліктерін саралап көруге тырыстық.</jats:p>