Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Математика – өзінің мазмұны мен пәндік ерекшеліктеріне сай студенттердің ғылыми- зерттеу әрекеттерін дамытуға кең мүмкіндік беретін ғылым саласы. Құрылыс бағыты бойынша маман даярлау үдерісінде зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру – кәсіби құзыреттіліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мазмұндық және әдістемелік өзгерістер техникалық жоғары оқу орындарында студенттердің зерттеушілік қабілеттерін дамыту мәселесін өзекті етіп отыр. Техникалық ЖОО түлектері өндіріс пен құрылыс саласындағы әртүрлі типтегі және деңгейдегі кәсіпорындарда кәсіби міндеттерді тиімді орындай алуы тиіс. Бұл жағдай математиканы оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды, соның ішінде жобалау әдісін тиімді пайдалануды қажет етеді. Жобалау әдісі студенттердің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, дербес ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математиканы оқыту процесінде жобалау әдісін қолдану болашақ құрылысшылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың өз көзқарасын білдіруіне, кәсіби мәселелерге сын тұрғысынан қарауына мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – математиканы оқыту барысында болашақ құрылысшылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған жобалау негізіндегі әдістемелік жүйені әзірлеу және оның тиімділігін айқындау. Құрылыс саласының болашақ мамандары үшін зерттеушілік сипаттағы кәсіби міндеттерді шешу барысында математикалық білім мен дағдылардың маңызы ерекше. Оларға құрылыс материалдарының сапалық және физикалық қасиеттерін талдау, есептеу және модельдеу үдерістерінде математикалық заңдылықтарды, формулаларды және есептеу әдістерін дұрыс қолдану қажет. Сондықтан жобалау әдісін қолдану студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми-зерттеу дағдыларын жүйелі қалыптастыруға және кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.</jats:p> <jats:p>Математика, в соответствии со своим содержанием и предметными особенностями, представляет собой область науки, которая предоставляет широкие возможности для развития научно- исследовательской деятельности студентов. В процессе подготовки специалистов строительного направления формирование исследовательских навыков является важнейшей составляющей профессиональной компетентности. В настоящее время изменения в содержании и методике образования делают проблему развития исследовательских способностей студентов технических вузов особенно актуальной. Выпускники технических вузов должны быть способны эффективно выполнять профессиональные задачи на предприятиях различного типа и уровня в сфере производства и строительства. Это требует применения современных педагогических технологий при обучении математике, в том числе проектного метода. Проектный метод направлен на развитие творческих и исследовательских способностей студентов, совершенствование их умений самостоятельного мышления и принятия решений. Использование проектного метода в процессе обучения математике способствует повышению познавательной активности будущих строителей, формированию их собственного мнения и развитию критического отношения к профессиональным вопросам. Цель исследования – разработка методической системы на основе проектного подхода, направленной на формирование исследовательской деятельности будущих строителей в процессе обучения математике, и определение её эффективности. Для будущих специалистов строительной отрасли особенно важно умение решать профессиональные задачи исследовательского характера с использованием математических знаний и навыков. Им необходимо правильно применять математические закономерности, формулы и методы расчёта при анализе, вычислении и моделировании качественных и физических свойств строительных материалов. Поэтому использование проектного метода позволяет объединить теоретические знания с практикой, системно формировать научно-исследовательские навыки и повышать уровень профессиональной подготовки студентов.</jats:p> <jats:p>Mathematics, due to its content and subject-specific features, is a field of science that provides broad opportunities for developing students’ research activities. In the process of training specialists in the field of construction, the formation of research skills is an essential component of professional competence. At present, the changes in the content and methodology of education make the development of research abilities among students of technical universities particularly relevant. Graduates of technical universities must be able to effectively perform professional tasks at enterprises of various types and levels in the fields of production and construction. This requires the use of modern pedagogical technologies in teaching mathematics, including the project-based method. The project-based method is aimed at developing students’ creative and research abilities, as well as enhancing their skills in independent thinking and decision-making. The application of the project-based method in teaching mathematics helps increase the cognitive activity of future engineers, allows them to express their own opinions, and encourages a critical approach to professional issues. The purpose of the study is to develop a project-based methodological system aimed at forming the research activities of future construction specialists in the process of learning mathematics and to determine its effectiveness. For future specialists in the construction industry, mathematical knowledge and skills play a particularly important role in solving professional tasks of a research nature. They must be able to correctly apply mathematical principles, formulas, and calculation methods in analyzing, computing, and modeling the qualitative and physical properties of construction materials. Therefore, the use of the project-based method enables students to integrate theoretical knowledge with practical experience, systematically develop research skills, and enhance their level of professional readiness.</jats:p>

Show More

Keywords

және research зерттеушілік кәсіби construction

Related Articles