Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеу жұмысында жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) ІІІ деңгейдегі 5-6 жастағы балалардың сөздік қоры мен грамматикалық құрылымдарын жетілдірудің тиімді жолдары қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік және тілдік әлеуеті негізінде қарастырылды. Қазақ халық ертегісі – баланың тілін дамытудың тек көрнекі құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың рухани және мәдени мұрасын жеткізетін, жаңа сөздерді меңгерту мен сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды әдістемелік құрал болып табылады. Зерттеу барысында алдымен жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу ерекшеліктері сипатталып, олардың лексикалық қоры мен грамматикалық жүйесінің жеткіліксіздігі түзете-дамыту бағытындағы арнайы педагогикалық жұмыстың ерекше тәсілдерін талап ететіні анықталды. Шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ халық ертегілерін тіл дамытудың тиімді құралы ретінде пайдаланудың теориялық негіздері жан-жақты талданды. Мақалада ертегіні логопедиялық тәжірибеде қолданудың негізгі әдістемелік бағыттары ұсынылады: ертегі мазмұнын қайталау, рөлдік сахналау, иллюстрацияларды пайдалану арқылы әңгімелеу және диалогтік қарым-қатынас ұйымдастыру тәсілдері жүйеленді. Осы әдістердің барлығы арнайы педагогика саласында қолдануға арналған үлгілік модель түрінде құрылып, олардың тиімділігі кешенді түрде сипатталды. Аталған тәсілдерді біріктіре пайдалану балалардың сөздік қорын молайтуға, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануға және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға елеулі әсер ететіні анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – қазақтың халық ертегілерін логопедиялық мақсатта бейімдеу арқылы жалпы сөйлеу тілі дамымаған ІІІ деңгейдегі балалардың лексикалық және грамматикалық дамуын қамтитын әдістемелік жүйені алғаш рет тұтас құрылымда ұсыну. Сонымен бірге, диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ертегі мәтіндерінің құрылымдық ерекшеліктерін тиімді қолдану жолдары мен нақты логопедиялық әдістері жүйеленіп берілді. Зерттеу нәтижесінде қазақ халық ертегілеріне негізделген логопедиялық модельді қолдану жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының, грамматикалық құрылымдарды қолдану және диалогтік сөйлеу дағдыларының айтарлықтай жақсаруына ықпал ететіні анықталды.</jats:p> <jats:p>В данной статье рассматриваются эффективные пути обогащения словарного запаса и совершенствования грамматических структур у детей 5-6 лет с общим недоразвитием речи (ОНР) III уровня посредством казахских народных сказок, обладающих высоким воспитательным потенциалом. Сказка рассматривается не только как средство речевого развития, но и как духовно-культурное наследие народа, способствующее обогащению речи новыми словами и формированию навыков построения предложений. В исследовании описаны особенности речи детей с ОНР, выявлены характерные для этой категории дефициты словарного запаса и слабость грамматических структур, что требует особого направления коррекционно-развивающей работы. На основе анализа трудов зарубежных, российских и отечественных ученых подробно раскрыта значимость народных сказок как средства развития речи. В статье представлены основные методы логопедической работы со сказкой: пересказ содержания, распределение ролей и инсценировка, рассказывание по иллюстрациям и составление диалогов. Комплексное применение данных методов способствует расширению словарного запаса, правильному использованию грамматических конструкций и формированию связной речи. Научная новизна исследования заключается в том, что впервые представлена целостная методическая система, адаптированная к особенностям лексического и грамматического развития детей с ОНР III уровня, основанная на использовании казахских народных сказок. Кроме того, систематизированы приемы эффективного формирования диалогической речи на основе структурных особенностей сказочного текста. Результаты исследования показали, что применение логопедической модели на основе казахских народных сказок способствует значительному развитию словарного запаса, грамматического строя и диалогической речи у дошкольников с общим недоразвитием речи.</jats:p> <jats:p>This article explores effective methods for enriching the vocabulary and improving the grammatical structures of 5-6-year-old preschool children with level III general speech underdevelopment (GSU) through Kazakh folk tales with high educational potential. A folk tale is viewed not only as a tool for language development but also as a part of the nation’s spiritual and cultural heritage that enriches children’s speech with new words and helps form sentence construction skills. The study describes the speech characteristics of children with GSU, highlighting their limited vocabulary and weak grammatical structures, which require special corrective and developmental approaches. Based on the analysis of foreign, Russian, and Kazakh scholars’ works, the importance of folk tales as an effective means of language development is comprehensively discussed. The article presents the main methods of logopedic work using fairy tales retelling, role-play dramatization, storytelling through illustrations, and dialogue construction. The integrated use of these methods promotes the enrichment of vocabulary, proper use of grammatical structures, and the development of coherent speech. The scientific novelty of the study lies in the development of a holistic methodological system adapted to the lexical and grammatical development of children with level III GSU, based on the use of Kazakh folk tales. In addition, the article systematizes specific logopedic techniques for effectively developing dialogic speech through the structural features of fairy-tale texts. The findings demonstrate that the use of a speech therapy model based on Kazakh folk tales significantly improves vocabulary development, grammatical structures, and dialogic speech skills in preschool children with general speech underdevelopment.</jats:p>

Show More

Keywords

сөйлеу речи speech және development

Related Articles