Abstract
<jats:p>Мақалада физика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі және оны бағалаудағы ұлттық және халықаралық тәсілдер арасындағы айырмашылықтар кешенді түрде талданады. Зерттеу өзектілігі Қазақстанның жалпы орта білім беру жүйесінде құзыреттілікке негізделген тәсіл енгізілгенімен, оқу мақсаттары мен бағалау түрлерінің PISA талаптарымен үйлеспеуінде көрініс табады. Авторлар функционалдық сауаттылықты арттыру үшін оқу мазмұнының практикалық, өмірлік контекстпен байланысын күшейту қажеттігін дәлелдейді. Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды: құжаттық талдау, педагогикалық эксперимент және сараптамалық сұхбат. Құжаттық талдау барысында Қазақстан Республикасының физика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы мен халықаралық PISA бағалау құрылымы салыстырылып, мазмұндық және әдістемелік алшақтықтар анықталды. Эксперимент барысында 9-сынып оқушыларына PISA форматына бейімделген құрылымдалған зертханалық тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың ғылыми ойлау, тәжірибелік әрекет және деректерді интерпретациялау дағдыларын дамытуға бағытталды. Бағалау нәтижесінде эксперимент тобының функционалдық сауаттылық көрсеткіші бақылау тобымен салыстырғанда 30%-ға жоғары (7,3 және 5,6 балл) болғаны анықталды. Бұл айырмашылық статистикалық тұрғыда маңызды (p < 0,05) деп бағаланып, құрылымдалған тапсырмалардың тиімділігін дәлелдеді. Сапалық кезеңде жүргізілген сұхбатқа 12 тәжірибелі физика пәні мұғалімі мен 3 әдіскер қатысты. Сарапшылардың басым бөлігі функционалдық сауаттылыққа бағытталған дайын тапсырмалардың жетіспеушілігін, оқу уақытының шектеулігін және әдістемелік қолдаудың әлсіздігін басты кедергі ретінде көрсетті. Мұғалімдер, сондай-ақ, PISA форматындағы контекстік тапсырмалардың оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, физикалық білімді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Зерттеу нәтижелері орта мектепке арналған физика пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы мен халықаралық бағалау құрылымының мазмұндық айырмашылығын жүйелі сипаттап қана қоймай, оны жоюдың нақты әдістемелік жолдарын ұсынады. Авторлар функционалдық сауаттылықты дамыту үшін физикалық экспериментті проблемалық тұрғыда ұйымдастыру, құрылымдалған зертханалық тапсырмаларды кеңінен енгізу және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңыздылығын негіздейді.</jats:p> <jats:p>В статье комплексно анализируется проблема развития функциональной грамотности учащихся по физике и различия между национальным и международным подходами оценивания. Актуальность исследования выражается в несовместимости целей обучения и видов оценки с требованиями PISA, хотя в системе общего среднего образования Казахстана внедрен компетентностный подход. Авторы доказывают необходимость усиления связи содержания обучения с практическим, жизненным контекстом для повышения функциональной грамотности. В рамках исследовательской работы были проведены анализ нормативно-правовой документации, педагогический эксперимент и экспертное интервью. В ходе анализа документов были сопоставлены типовая учебная программа Республики Казахстан по физике и структура международной оценки PISA, выявлены содержательные и методические расхождения. В ходе эксперимента учащимся 9 класса были предложены структурированные лабораторные задания, адаптированные к формату PISA. Эти задания были направлены на развитие у учащихся навыков научного мышления, практической деятельности и интерпретации данных. В результате оценки установлено, что показатель функциональной грамотности экспериментальной группы был на 30% выше (7,3 и 5,6 балла) по сравнению с контрольной группой. Эта разница была оценена как статистически значимая (p < 0,05) и доказала эффективность структурированных задач. В качественном этапе собеседования приняли участие 12 опытных учителей физики и 3 методиста. Основная масса экспертов указала на отсутствие готовых заданий, направленных на функциональную грамотность, ограниченность учебного времени и слабость методической поддержки в качестве главных препятствий. Учителя также отметили, что контекстные задания в формате PISA повышают интерес учащихся к предмету и позволяют связать физические знания с жизнью. Результаты исследования не только систематически описывают содержательную разницу между типовой учебной программой по физике для средней школы и структурой международной оценки, но и предлагают конкретные методические пути ее устранения. Авторы обосновывают важность проблемной организации физического эксперимента для развития функциональной грамотности, широкого внедрения структурированных лабораторных заданий и повышения профессиональной компетентности педагогов.</jats:p> <jats:p>The article provides a comprehensive analysis of the issue of developing students’ functional literacy in physics and the differences between national and international assessment approaches. The relevance of the research lies in the fact that, although a competence-based approach has been introduced into Kazakhstan’s general secondary education system, the learning objectives and assessment formats still do not fully align with PISA requirements. The authors substantiate the necessity of strengthening the practical and real-life contextual connection of educational content to enhance students’ functional literacy. The research was conducted in three stages: document analysis, pedagogical experiment, and expert interviews. During the document analysis, the model curriculum for physics in the Republic of Kazakhstan was compared with the PISA assessment framework, revealing both content-related and methodological discrepancies. In the experimental stage, ninth-grade students were offered structured laboratory tasks adapted to the PISA format. These tasks aimed to develop students’ scientific reasoning, practical skills, and data interpretation abilities. The evaluation results showed that the functional literacy score of the experimental group was 30% higher than that of the control group (7.3 and 5.6 points). This difference was found to be statistically significant (p < 0.05), confirming the effectiveness of the structured tasks. In the qualitative phase, interviews were conducted with 12 experienced physics teachers and 3 methodologists. Most experts identified the lack of ready-made tasks focused on functional literacy, limited instructional time, and insufficient methodological support as the main challenges. Teachers also emphasized that PISA-style contextual tasks increase students’ interest in the subject and help them connect physical knowledge with real-life situations. The research results not only systematically describe the content differences between the national physics curriculum and the international assessment framework but also propose concrete methodological strategies to bridge these gaps. The authors justify the importance of organizing physics experiments in a problem-based format, widely introducing structured laboratory tasks, and enhancing teachers’ professional competence to effectively foster functional literacy.</jats:p>