Abstract
<jats:p>Бұл мақалада Қазақстан мектептеріндегі информатика пәні сабақтарында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың білім алушылардың оқу мотивациясына, танымдық белсенділігіне және жалпы оқу жетістіктеріне тигізетін ықпалы жан-жақты және жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу барысында тақырыпқа байланысты отандық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдарға терең шолу жасалып, білім беру практикасында ЖИ технологияларын енгізудің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелері сарапталады. Жұмыстың басты мақсаты – оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану информатика пәні бойынша білім алушылардың қызығушылығын арттыруға, олардың пәнді меңгеру деңгейін жақсартуға және оқу үлгерімінің тұрақты өсуіне қалай әсер ететінін нақты деректермен көрсету. Авторлар отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін, ғылыми еңбектерін, сондай-ақ өзінің педагогикалық тәжірибесін негізге ала отырып, қазіргі таңда кең қолданысқа ие жасанды интеллект құралдарының білім алушылардың мотивациясына ықпалы, оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктері және оқу процесін дербестендіруде атқаратын рөлі жан-жақты талданады. Сонымен бірге ЖИ технологияларының оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, білімді визуалдау және нақты проблемаларды шешу қабілеттерін жетілдіру тұрғысынан беретін артықшылықтары көрсетілген. Мақалада жасанды интеллект құралдарын білім беру процесіне енгізудің практикалық мысалдары, қолдану әдістері, тиімді педагогикалық тәсілдері беріліп қана қоймай, олардың ықтимал тәуекелдері мен шектеулері, сонымен бірге бұл қауіптерді азайту жолдары да егжей-тегжейлі сипатталған. Авторлар жүргізген педагогикалық эксперимент нәтижелері ЖИ технологияларын қолдану оқу үлгерімінің орта есеппен 21%-ға өсуіне, ал оқуға деген ынталандыру деңгейінің 76%-ға дейін артуына оң әсер еткенін айқын көрсетіп отыр. Сонымен қатар мақалада информатика сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану барысында туындауы мүмкін проблемаларды алдын ала болжау, өзіндік бақылау жүргізу және жүйелі талдау жасау қажеттілігі атап өтіледі. Авторлар ЖИ-ды мектеп білім беру жүйесіне сауатты, жауапкершілікпен және педагогикалық тұрғыдан негізделген түрде интеграциялаған жағдайда ғана оның оқыту сапасын арттыруда, білім алушылардың қызығушылығын ынталандыруда және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие екенін қорытындылайды.</jats:p> <jats:p>В данной статье всесторонне и системно анализируется влияние применения инструментов искусственного интеллекта (ИИ) на уроках информатики в школах Казахстана на учебную мотивацию обучаю- щихся, их познавательную активность и общие учебные достижения. В ходе исследования проведён глубокий обзор отечественных и международных научных публикаций по теме, а также определены ключевые направления внед- рения ИИ-технологий в образовательную практику и рассмотрены актуальные проблемы, связанные с этим процессом. Основная цель работы – на основе конкретных данных показать, каким образом использование искусственного интеллекта в учебном процессе способствует повышению интереса обучающихся к информатике, улучшению уровня освоения учебного материала и обеспечению устойчивого роста учебных результатов. Опираясь на исследования отечественных и зарубежных учёных, научные труды, а также собственный педагогический опыт, авторы всесторонне раскрывают влияние современных инструментов ИИ на мотивацию обучающихся, их роль в повышении качества обучения и расширении возможностей для персонализации учебного процесса. Кроме того, показаны преимущества ИИ-технологий в развитии творческих способностей школьников, формировании логического и критического мышления, визуализации учебной информации и совершенствовании навыков решения практико-ориентированных задач. В статье приведены практические примеры применения инструментов искусственного интеллекта в образовательном процессе, описаны методы их использования, эффективные педагогические подходы, а также подробно рассмотрены возможные риски, ограничения и пути их минимизации. Результаты проведённого авторами педагогического эксперимента убедительно демонстрируют, что использование ИИ-технологий способствует росту учебной успеваемости в среднем на 21%, а уровень учебной мотивации возрастает до 76%. Кроме того, подчёркивается необходимость предварительного прогнозирования возможных трудностей, проведения регулярного самоконтроля и системного анализа при интеграции ИИ в уроки информатики. Авторы приходят к выводу, что только грамотное, ответственное и педагогически обоснованное внедрение искусственного интеллекта в школьную образовательную систему обеспечивает его высокую эффективность в повышении качества обучения, стимулировании познавательного интереса и формировании навыков XXI века у обучающихся.</jats:p> <jats:p>This article provides a comprehensive and systematic analysis of the impact of using artificial intelligence (AI) tools in computer science classes in Kazakhstani schools on students’ learning motivation, cognitive engagement, and overall academic achievement. The study includes an in-depth review of national and international scientific publications related to the topic and examines the key directions and current challenges associated with integrating AI technologies into educational practice. The main purpose of the work is to demonstrate, through concrete data, how the use of artificial intelligence in the learning process can enhance students’ interest in computer science, improve their level of subject mastery, and contribute to a steady increase in academic performance. Drawing on research by domestic and foreign scholars, scientific literature, as well as their own pedagogical experience, the authors thoroughly analyze the influence of widely used AI tools on students’ motivation, their potential to improve the quality of education, and their role in fostering personalized learning. The article also highlights the advantages of AI technologies in developing students’ creative abilities, strengthening logical and critical thinking skills, enhancing knowledge visualization, and improving their capacity to solve real-world problems. In addition to presenting practical examples of integrating AI tools into the educational process, the article describes effective pedagogical methods, approaches to implementation, and offers a detailed discussion of possible risks, limitations, and ways to mitigate them. The results of a pedagogical experiment conducted by the authors clearly show that the use of AI technologies led to an average 21% improvement in academic performance and increased learning motivation to 76%. Furthermore, the article emphasizes the importance of anticipating potential challenges, conducting ongoing self-monitoring, and performing systematic analysis when integrating AI into computer science lessons. The authors conclude that artificial intelligence can offer significant opportunities for improving educational quality, fostering student engagement, and developing essential 21st-century skills-provided that its integration into the school education system is carried out responsibly, thoughtfully, and on a sound pedagogical basis.</jats:p>