Abstract
<jats:p>Бұл зерттеуде жаппай ашық онлайн-курстарды оқу процесіне интеграциялаудың әлеуеті мен оған кедергі келтіретін факторларға талдау жасалады. Пандемия жағдайында жоғары оқу орындарында техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен қашықтықтан оқыту нысандарына ауысуы цифрлық білім беру ресурстарына сұранысты айтарлықтай арттырды. Бұл тұрғыда онлайн-курстарды оқу процесіне енгізу жедел және ресурстық тиімді шешім ретінде ұсынылды. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін университет ортасында онлайн- курстарды қолдану және таралу деңгейі салыстырмалы түрде төмен болып қала береді. Бұл жағдай осы зерттеудің өзектілігін анықтады, оның мақсаты онлайн-курстарды шектеулі пайдалану себептерін анықтау және оларды тиімдірек енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Зерттеудің эмпирикалық базасы жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттар барысында жиналған деректерді талдау негізінде қалыптасады. Зерттеу нәтижесі онлайн-курсты интеграциялаудың негізгі кедергілерін анықтады: форматтың ерекшелігі, оқытушыларды ынталандырудың жеткіліксіздігі, курстарды оқу бағдарламаларына енгізу кезінде туындайтын әкімшілік тәуекелдер, сондай-ақ университеттегі нормативтік базаның әлсіздігі. Сонымен қатар, зерттеу білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту және білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру аспектілерінде онлайн-курстардың жоғары әлеуетін растайды. Мақалада онлайн-курстарды қолдану тәсілдерін оңтайландыру және оларды университеттердің білім беру процесіне интеграциялау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.</jats:p> <jats:p>данном исследовании проводится анализ потенциала интеграции массовых отрытых онлайн-курсов в образовательный процесс, а также факторов, препятствующих их применению. Переход высших учебных заведений на дистанционные формы обучения с использованием технических средств в условиях пандемии значительно повысил спрос на цифровые образовательные ресурсы. В этом контексте внедрение онлайн-курсов рассматривалось как оперативное и ресурсно эффективное решение. Тем не менее, на сегодняшний день уровень использования и распространённости онлайн-курсов в университетской среде остаётся относительно низким. Эта ситуация обусловила актуальность настоящего исследования, целью которого стало выявление причин ограниченного применения онлайн-курсов, а также разработка предложений по их более эффективной интеграции. Эмпирическую базу исследования составили данные, собранные в ходе опросов и интервью с преподавателями высших учебных заведений. Результаты исследования позволили выявить основные барьеры интеграции онлайн-курсов: специфику формата, недостаточную мотивацию преподавателей, административные риски при включении курсов в образовательные программы, а также слабую нормативную базу в университетах. Вместе с тем исследование подтверждает высокий потенциал онлайн-курсов в аспектах расширения академической мобильности обучающихся и повышения доступности образовательных ресурсов. В статье также представлены рекомендации по оптимизации подходов к использованию онлайн-курсов и совершенствованию механизмов их интеграции в образовательный процесс университетов.</jats:p> <jats:p>This study analyzes the potential for integrating online courses into the educational process, as well as the factors hindering their implementation. The transition of higher education institutions to distance learning using technical means during the pandemic has significantly increased the demand for digital educational resources. In this context, the introduction of online courses was seen as a quick and resource-efficient solution. However, to date, the level of use and prevalence of online courses in the university environment remains relatively low. This situation has made this study relevant, the aim of which was to identify the reasons for the limited use of online courses and to develop proposals for their more effective integration. The empirical basis of the study was data collected through surveys and interviews with teachers at higher education institutions. The results of the study revealed the main barriers to the integration of online courses: the specificity of the format, insufficient motivation of teachers, administrative risks when including courses in educational programmes, and a weak regulatory framework in universities. At the same time, the study confirms the high potential of online courses in terms of expanding academic mobility for students and increasing the accessibility of educational resources. The article also provides recommendations for optimising approaches to the use of online courses and improving mechanisms for their integration into the educational process at universities.</jats:p>