Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада «Ыстық илемдеу орнағының ұшқыр қайшыларында илемдерді кесу үдерісін автоматтандыру» докторлық диссертациясының негізі болып табылатын қолданыстағы ыстықтай илемдеу ұшқыр қайшыларының құрылымы мен электр жетегінің ерекшеліктеріне шолу берілген. Мақалада илемдеу өндірісінің негізгі міндеті, ұшқыр қайшының құрылымы мен электр жетегіне қойылатын мақсаты мен техникалық талаптары келтірілген. Қолданыстағы ұшқыр қайшылардың құрылымы мен электр жетегі қарастырылған. Ұшқыр қайшылардың келесі негізгі түрлері бар: барабанды, иінді-шатунды, тербелмелі, маятникті және планетарлық. Сондай-ақ, қозғалтқыштардың үш түрі қарастырылды: асинхронды қозғалтқыш, синхронды қозғалтқыш және осы технологиялық механизмге қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келетін тұрақты ток қозғалтқышы. Ұшқыр қайшының құрылымы мен электр жетегін зерттеу бірқатар артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсетті. Нәтижелерді талдау зерттеу барабанды қайшылар ең жақсы таңдау екенін көрсетті. Барабандар тұрақты жылдамдықпен біркелкі айналатындықтан және айналмалы массалар толығымен теңдестірілгендіктен, олар қайшының басқа түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары жылдамдықпен кесуге мүмкіндік береді. Ұшқыр қайшының электр жетегі ретінде тәуелсіз қозуы бар тұрақты ток қозғалтқышы таңдалды, өйткені оның үлкен реттеу диапазоны, тегістігі, үнемділігі, жылдамдық тұрақтылығы, әртүрлі жылдамдықтардағы рұқсат етілген жүктеме, электр жетегіне қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын механикалық сипаттамалардың қаттылығы бар.</jats:p>

Show More

Keywords

мен электр ұшқыр құрылымы қайшының

Related Articles