Abstract
<jats:p>Мақалада жиіліктік түрлендіргіштерін пайдалануға негізделген сорғылардың автоматтандырылған электр жетектерінің заманауи технологияларына шолу жасалған. Мұндай жүйелердің негізгі артықшылықтары: энергия тиімділігін арттыру; сорғылардың жұмыс параметрлерін басқару дәлдігі; жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту; пайдалану шығындарын азайту қарастырылады. Өнеркәсіпте және салқындату жүйелері сияқты әртүрлі салаларда жиілік түрлендіргіштерін практикалық қолдануға ерекше назар аударылды. Жұмыста Siemens, ABB, Danfoss, Schneider Electric және т.б., жиілік түрлендіргіштерінің негізгі өндірушілеріне олардың ерекшеліктері мен қолдану салаларын бөліп көрсете отырып талдау жүргізілді. Сондай-ақ, автоматтандырылған электр жетектерін енгізудің техникалық және экономикалық аспектілері, соның ішінде энергия үнемдеу, жабдықты қорғау және заманауи басқару жүйелеріне интеграциялау мәселелері қарастырылды. Мақала автоматтандыру, энергетика және сорғы жүйелерін жобалау саласындағы мамандарға, сондай-ақ өнеркәсіптік жабдықтың тиімділігін арттырудың заманауи технологияларына қызығушылық танытқандарға арналған.</jats:p>