Abstract
<jats:p>Қансорғыш кенелер арқылы берілетін трансмиссивтік инвазиялық аурулар (пироплазмоз, нутталиоз,тейлериоз, анаплазмоз) дене қызуының кӛтерілуімен, безгекпен, қаназдықпен, сарғыш тартумен, асқорыту, жҥрек-тамыр, қозғалу жҥйелерінің бҧзылуымен, барлық ӛнімдердің тӛмендеуімен, ӛте жоғары денгейде ӛлуімен сипатталатын аурулар. Бҧл топ аурулардың таралуы 15-тен 50 %-ға дейін жетеді. Қазақстанда қазіргі кҥнге дейін белсенділігі тӛмен диагностикалық жиынтықтар қолданылады, мысалы преципитация реакциясы (ПР), агглютинация реакциясы (АР), желефекация реакциясы (ЖР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР) және т.б. Аталған реакциялар кӛптеген инвазиялық ауруларға анық және мезгілімен диагнозды қоюға қиыншылық тудырады. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Қызылқҧм, Майдакӛл, Ӛркендеу және Қарашеңгел ауылдық округтерінің шаруашылықтарының «Қызылқҧм» ауылдық округінде саны 18,8% қҧрайтын D.marginatus тҥрі тіркелген; «Майдакӛл» ауылдық округінде -1,8%, «Ӛркендеу» ауылдық округінде D.marginatus тҥрі 1,8% -ды қҧрады және Қарашеңгел ауылдық округінде 16,0% қҧрады. Пироплазмозбен иксодид кенелерінің залалдануы бойынша жҥргізілген зерттеулер нәтижесінде Ӛркендеу ауылдық округінің шаруашылықтарында жылқы мен ірі қара малдың пироплазмозына тҧрақты қолайсыз, жалпы санының 42,8% мӛлшерінде пироплазмамен ауырған иксодид кенелері анықталды. Пироплазмозға қолайсыз жылқы және ірі қара мал фермаларында кенелердің орташа залалдануы 21,5% қҧрады.</jats:p>