Abstract
<jats:p>Бҧл мақалада блютанг ауруының (Bluetongue disease, BTV) этиологиясы, эпидемиологиясы және клиникалық сипаттамалары жан-жақты қарастырылады. Аурудың қоздырғышы – Orbivirus туысына жататын Bluetongue вирусы, негізінен Culicoides тҧқымдасына жататын қан сорғыш шағатын жәндіктер арқылы беріледі. Ауру негізінен кҥйіс қайыратын жануарлар, әсіресе қойлар арасында кездеседі және ауыр клиникалық белгілермен, жоғары ӛлім-жітіммен сипатталады. 2024–2025 жылдардағы халықаралық эпизоотиялық жағдайларды саралау нәтижесінде BTV-дің серотиптері - әсіресе BTV-3 және BTV-8-Еуропа елдерінде (Ҧлыбритания, Франция, Италия, Болгария) қайтадан ӛршіп, эпидемиологиялық алаңдаушылық тудыруда. Бҧл аймақтарда аурудың кең таралуы қой шаруашылығына елеулі экономикалық залал келтіріп отыр: малдың ӛлімі, ӛнімділіктің тӛмендеуі және халықаралық экспорттық шектеулердің енгізілуі байқалуда. Қазақстанда блютанг ауруы ресми тіркелмегенімен, соңғы сероэпидемиологиялық зерттеулер оңтҥстік облыстарда вирусқа қарсы антиденелердің анықталуын растап отыр. Бҧл Республика аумағында BTV айналымының мҥмкін екендігін және оның эпизоотиялық тәуекел деңгейінің жоғары екенін кӛрсетеді. Аурудың таралуына ықпал ететін негізгі факторларға еліміздегі қой мен ешкі санының кӛптігі, климаттың ыстық әрі қҧрғақ болуы, шекаралық сауданың белсенділігі мен векторлардың кең таралуы жатады. Мақалада Қазақстан ҥшін блютанг ауруының ветеринариялық және экономикалық тҧрғыдан маңыздылығы жан-жақты талданып, кешенді алдын алу шаралары ҧсынылады. Олардың қатарында-эпидемиологиялық мониторинг, мақсатты вакцинация, векторларды жою, ветеринариялық қадағалау мен ақпараттық-тҥсіндіру жҧмыстары бар. Бҧл ҧсыныстар республикадағы мал шаруашылығын қорғауға және экспорттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.</jats:p>