Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Зерттеу 2025 жылдың қазан айына дейін жиналған онлайн порталдан алынған микродеректерге (72 391 бос жұмыс орны туралы хабарландыру) негізделіп, Қазақстандағы субсидияланатын және суб-сидияланбайтын жұмыс орындарының салыстырмалы сандық талдау-ын ұсынады. Зерттеу мемлекеттік субсидия жағдайының мәлімделген жалақы мен адами капиталға қойылатын талаптарға қалай әсер ететінін түсінудегі эмпириялық олқылықтың орнын толтырады. Деректер жинағы екі санатқа бөлінді: мемлекеттік субсидияланатын және субсидияланбайтын бос жұмыс орындары. Жалақы деңгейіне білім деңгейі, елді мекен түрі және басқа да факторлардың ықпалын ескере отырып, регрессиялық талдау арқылы, екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізілді.Нәтижелер екі сегменттегі білім деңгейіне байланысты жалақы айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Субсидияланбайтын бос орындарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ең төменгі жалақының жоғары деңгейімен оң байланысты, ал субсидияланатын бос жұмыс орындарда жоғары білімнің мұндай ықпалы байқалмайды. Алынған қорытындылар жұмыс орындарының сегментациясын эмпириялық тұрғыдан растайды. Субсидияланатын бос жұмыс орындары стандартталған және орташа есеппен төмен жалақы төленетін сегмент ретінде қарастырылады, ал субсидияланбайтын бос жұмыс орындарына жоғары жалақы төленетінімен, төлем шарттары анық емес.</jats:p>

Show More

Keywords

жұмыс бос және жоғары жалақы

Related Articles

PORE

About

Connect