Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеу Қазақстан Республикасында ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуын орнықты даму тұжырымдамасы аясында кешенді талдауға бағытталған. Мақалада мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары, ана мен бала-ны қорғауға қатысты құқықтық-нормативтік база және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар қарастырылады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарының ұлттық саясатқа ықпалы, халықаралық міндеттемелердің орындалу деңгейі және әйелдер мен балалар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы негізгі жетістіктер мен өзекті мәселелер талданады.Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістері құрайды. Теориялық база ретінде әлеуметтік мемлекет пен орнықты даму тұжырымдамаларына қатысты ғылыми еңбектер, халықаралық және ұлттық құқықтық құжаттар пайда-ланылды. Эмпириялық деректер мемлекеттік органдардың ресми стати-стикасы мен халықаралық ұйымдардың есептеріне негізделген.Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстанда ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіру, гендерлік саясатты дамыту және әлеуметтік қолдау тетіктерін нығайту бағытында еліміздің табысты қызметтері бар екенін көрсетті. Гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі сияқты мәселелер әлі де сақталуда. Ғылыми жұмыс қорытындысында ұлттық саясатты жетілдіру мен БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.</jats:p>

Show More

Keywords

мен және әлеуметтік даму халықаралық

Related Articles