Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ғылыми мақалада Австрия мен Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың (МБА) еңбек құқықтарын қорғау мен инклюзия саласындағы заңнамалық реттеу мәселелеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жасалды. Зерттеу жұмыспен қамту, квота бөлу, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босатудағы құқықтық кепілдіктер, кемсітушіліктен қорғау және бейімделген жұмыс орындарын құру мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі талданды. Австрияда МБА құқықтарын қорғау мүгедектердің теңдігі туралы (BGStG) және жұмыспен қамту туралы (BEinstG) заңдармен реттеледі. Қазақстанда бұл бағытта ұлттық заңнама бірнеше кезеңдік реформалардан өтті: мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды ынталандыру мақсатында еңбек квоталары енгізіліп, жұмыс берушілер үшін салықтық және әкімшілік жеңілдіктер көзделді. Алайда қабылданған құқықтық және институционалдық шараларға қарамастан, мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі әлі де жеткілікті дәрежеге жете қойған жоқ. Зерттеу нәтижесінде БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына сәйкестікті арттыру және ұлттық құқықты жетілдірудің өзектілігі көрсетілді. Барлығын ескере келе, МБА әлеуметтік жағынан қорғау мен қамсыздандыру мәселесін көтере келе, оны реттейтін ұлттық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі қарастырылды.</jats:p>

Show More

Keywords

мен және қорғау жұмыспен мүгедектігі

Related Articles

PORE

About

Connect