Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада адамның табиғи құқықтарының біріне жататын діни сенім бостандығын іске асырудың өзекті құқықтық мәселелері қарастырылады. Діни қызметті заңнамалық реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесіне шолу жасалып, осы саладағы негізгі тенденциялар мен проблемалар ашып көрсетілді. Олардың қатарына діни азшылықтар құқықтарының сақталуына кепілдіктерді күшейту, діни сенім бостандығы мен экстремизмге қарсы күрес міндеті арасында оңтайлы тепе-теңдікті сақтау жатқызылды. Қазақстанның ар-ождан бостандығына құқықтың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету моделі халықаралық стандарттарға тұтастай алғанда сәйкес, алайда оның тетіктерінде кейбір олқылықтардың бар екендігі анықталды. Зерттеу нәтижесінде автор діни материалдарды таратуға қатысты Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңындағы кейбір нормаларды өзгертіп, қазіргі заман талабына сай бейімдеу қажеттілігін алға тартады.</jats:p>

Show More

Keywords

діни мен құқықтарының сенім Діни

Related Articles