Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада өзінің ресми халықаралық-құқықтық мәртебесін әлі ала алмаған құбылыстарды заңдастыру процесі қарастырылады. Жеке әскери компаниялардың заңдылығы мәселесі қазіргі уақытта ЖӘК-ны заңдастыру процесі арқылы өтіп жатқан құбылыс ретінде екі процестің нәтижесі ретінде зерттелуде: жекешелендіру – жеке әскери компаниялар бұрын мемлекеттердің қарулы күштеріне тән міндеттерді шешу мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алған кезде; жаһандану – жеке әскери компаниялар нақты мемлекетпен байланысы жоқ трансұлттық корпорациялардың мүдделерін қорғаған кезде. Қазіргі заманғы соғыс гибридтік сипатта болғандықтан, бүгінгі күнгі қақтығыстар ассиметриялы болып табылады, нәтижесінде дәстүрлі әскери күштерді оларға қарсы қою қиындыққа әкеледі. Сондықтан осындай қақтығыстарды халықаралық жария құқықта белгісіз мәртебеге ие, жеке әскери компаниялар сияқты акторлар бірінші орынға шығады. Жеке әскери компаниялардың халықаралық құқықта нақты анықтау және бірыңғай ережелерді белгілейтін және олардың қызметіне бақылауды қамтамасыз ететін халықаралық орган құру қажеттілігі туралы қорытынды негізделеді.</jats:p>

Show More

Keywords

әскери жеке компаниялар халықаралық заңдастыру

Related Articles