Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселелері әлеуметтік, құқықтық және білім беру аспектілерінде кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында есірткіге байланысты қылмыстардың өсу динамикасы, кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері, отбасылық жағдайы мен білім деңгейінің ықпалы талданған. Авторлар есірткі тұтынуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды айқындай отырып, алдын алу шараларын жетілдірудің өзекті бағыттарын ұсынады. Олардың қатарында білім беру бағдарламаларына профилактикалық мазмұн енгізу, әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін кеңейту, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту және позитивті жастар субмәдениетін қалыптастыру бар. Зерттеу нәтижелері халықаралық тәжірибе мен БҰҰ құжаттарына сүйене отырып, мемлекеттік органдар мен отбасының өзара іс-қимылы арқылы жастарды есірткіге тартудың алдын алу тиімділігін арттырудың маңыздылығын көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

мен есірткіге алдын алу білім

Related Articles