Abstract
<jats:p>Берілген ғылыми мақалада Қазақстандағы квазимемелкеттік секторды реформалаудың өзектілігі мен оның институционалдық негіздері қарастырылды. Зерттеудің негізгі өзегі – «Стратегиялық меншік иесі – Кәсіби оператор» (SO – PO) үлгісі, яғни мемлекеттік активтерді басқаруда тиімділік, ашықтық және есептілікті арттыруға бағытталған аралас басқару тұжырымдамасы. Модель агенттік теория, stewardship тұжырымдамасы. Мемлекеттік менеджменттің жаңа тәсілдері және Whole-of-Goverment қағидаттары негізінде әзірленіп, мемлекет рөлін тікелей оператордан стратегиялық меншік иесіне қайта бейімдеуді көздейді. Бұл өз кезегінде саясат қалыптастыру, меншік құқығын жүзеге асыру және операторлық басқару функцияларының нақты ажыратылуын қамтамасыз етеді. Зерттеу барысында халықаралық озық тәжірибелерге – Сингапурдың Temasek Holdings компаниясына, Малайзияның Khazanah Nasional Berhad қорына және ЭЫДҰ-ның мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқаруға арналған нұсқаулықтарына – салыстырмалы институционалдық талдау жүргізілді. Бұл талдау Қазақстандағы үлгісінің сәйкестігі мен ерекшеліктерін, сондай-ақ бейімделу әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижелер моджельдің орталықтандырылған меншік иелігі, тәуелсіз директорлар институты, нәтижелерге байланысты ынталандыру жүйесі және қосарланған аудит сияқты жаһандық үздік практикаларды сәтті енгізіп отырғанын көрсетті. Сонымен қатар, елдің өтпелі әкімшілік-экономикалық жағдайына қарай модельдің жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып қалыптасып келе жатқаны анықталды. Зерттеу сондай-ақ бюрократиялық инерция, басқаруды деполитизациялауға қарсылық және қаржы нарықтарының жетілмеуі сияқты бірқатар институционалдық шектеулерді айқындады. Бұл түйіткілдер аталған модельді толық институционалдандыру үдерісін тежейтін негізгі факторлар болып табылады. Аталған кедергілерді заңнамалық, басқарушылық және нарықтық реформалар арқылы еңсеру SO – PO үлгісін посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттік секторды жаңғыртудың қолайлы және бейімделгіш тетігі ретінде қарастыруға негіз береді. Мақала мемлекеттік меншік формаларын реформалау жөніндегі халықаралық ғылыми дискурсқа үлес қосып, дамушы нарықтар жағдайында тиімді мемлекеттік басқару архитектурасын қалыптастырудың практикалық және теориялық негіздерін ұсынады. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік секторды модернизациялау бағытына қызығушылық танытатын саясаткерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдар және зерттеушілер үшін пайдалы болуы мүмкін.</jats:p> <jats:p>This research article examines the relevance of reforming Kazakhstan's quasi-public sector and its institutional foundations. The study focuses on the Strategic Owner – Professional Operator (SO-PO) model, a hybrid governance framework designed to enhance efficiency, transparency, and accountability in the management of state assets. The model draws on agency theory, stewardship concepts, new public management approaches, and whole-of-government principles, implying a reorientation of the state's role from direct operator to strategic owner. This shift ensures a clearer delineation of policy functions, property rights, and operational responsibilities. The research employs a comparative institutional analysis of international best practices—Temasek Holdings (Singapore), Khazanah Nasional Berhad (Malaysia), and the OECD guidelines on corporate governance of State -Owned Enterprises. This analysis made it possible to assess the relevance, distinctive features, and adaptive potential of the SO-PO model to the context of Kazakhstan. The results showed that the model successfully integrates global best practices, including centralized ownership management, independent directors, a performance-based incentive system, and dual auditing. Furthermore, it was found that the model is shaped by local specifics, conditioned by the country's transitional administrative and economic context. The study also identified a number of institutional constraints, such as bureaucratic inertia, resistance to the depoliticization of governance, and underdeveloped financial markets. These factors represent key barriers slowing the full institutionalization of the model under consideration. Overcoming these obstacles through legislative, managerial, and market reforms provides grounds for considering the SO-PO model as an effective and adaptive mechanism for public sector modernization in the post-Soviet context. This article contributes to the international academic discourse on reforming forms of state ownership and offers theoretical and practical foundations for developing an effective public administration architecture in emerging markets. The findings may be useful to policymakers, experts, government agencies, and researchers interested in public sector modernization.</jats:p>