Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Қазақстан Республикасындағы көші-қон саласының цифрландыру жағдайының қазіргі күйі талданды. Көші-қонды мемлекеттік басқару тетіктеріне заманауи цифрлық технологиялар мен ақпараттық-техникалық құралдарды енгізу жаһандық цифрлық ауысу және экономика үшін көші-қон факторының өсіп келе жатқан рөлі контекстінде объективті түрде сөзсіз екендігі көрсетілді. Зерттеу мақсаты - Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы цифрлық ауысу жағдайын талдау болып табылады. Қойылған міндеттерді шешу үшін жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер, соның ішінде салыстырмалы, сандық талдау және статистикалық деректерді талдау әдістері қолданылды. Цифрландыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары құрылатыны, құқықтық реттеу мен қауіпсіздікті жетілдіру бойынша міндеттер қойылатыны анықталды. Экономика процестерін цифрландыру өмірдің барлық салаларын, соның ішінде көші-қон процестерін қамтитыны және мемлекеттік басқару органдарына, азаматтарға, бизнеске үлкен артықшылықтар бере алатыны көрсетілді. Соңғы жылдардағы Қазақстандағы көші-қон жағдайы мен көші-қонды реттеу коэволюциясына шолу жасалды. Саяси-құқықтық шешімдер мен көші-қон саласын цифрландыру практикасын қатар қарау арқылы ағымдағы нәтижелер мен қиындықтар жинақталды. Көші-қон рәсімдерін жеңілдетуге және азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға бағытталған қолданыстағы цифрлық платформалар талданды. Көші-қон ағындарын басқаруға және көші-қон процестерінің мониторингіне цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу перспективалары қарастырылды. Зерттеу нәтижелері көші-қон саласын цифрландырудың қазіргі жағдайын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік берді.</jats:p> <jats:p>The article analyzes the current state of digitalization of the migration sector in the Republic of Kazakhstan. It is shown that the introduction of modern digital technologies and information technology tools into state migration management mechanisms is objectively inevitable in the context of global digital transition and the increasing role of the migration factor for the economy. The research objective is to analyze the state of digital transition in the migration sphere of the Republic of Kazakhstan. To solve the set tasks, general scientific methods and approaches were used, including comparative, quantitative analysis and statistical data analysis methods. It was determined that state programs for digitalization development will be created, and tasks for improving legal regulation and security will be set. It is shown that digitalization of economic processes covers all spheres of life, including migration processes, and can bring great advantages to government agencies, citizens, and business. A review of the migration situation and co-evolution of migration regulation in Kazakhstan in recent years was conducted. Through parallel consideration of political-legal decisions and digitalization practices in the migration sector, current results and difficulties were summarized. Existing digital platforms aimed at simplifying migration procedures and increasing transparency of interaction between citizens and government agencies were analyzed. Prospects for further implementation of digital solutions in migration flow management and monitoring of migration processes were considered. The research results made it possible to provide specific recommendations for improving the current state of digitalization in the migration sector.</jats:p>

Show More

Keywords

migration көшіқон мен цифрлық және

Related Articles