Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі таңда қашықтықтан жұмыс тұрақты қалыпты жағдайға айналып, интеллектуалды мониторинг жүйелері оның ажырамас бөлігіне айналды. Олар кадрларды тиімді басқаруды қызметкерлердің жеке уақытына құрметпен үйлестіріп, сенімге, жауапкершілікке және цифрлық бейімделуге негізделген заманауи еңбек мәдениетін қалыптастырады. Осыған дейін еңбек қызметі жұмыс орнында физикалық қатысу ұғымымен тығыз байланысты болды, жұмыс уақыты қатаң кестелермен және жұмыс берушінің бақылауымен анықталды (clock time). Алайда цифрландыру дәуірінде уақыт пен жұмыс орны арасындағы шекара біртіндеп жойылып келеді. Қазіргі еңбекті ұйымдастыру жұмыс уақытын талдаудың жаңа құралдарын қажет етеді. Интеллектуалды бақылау жүйелері автоматтандыру мен этикалық басқаруды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл қызметкерлердің автономиясын сақтай отырып тиімділікті қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда, қашықтан еңбекті ұйымдастыру классикалық еңбек моделінен цифрлық және орталықтандырылмаған жүйеге көшу үдерісін көрсетеді. Мақалада қашықтықтан жұмыс форматына көшу нәтижесінде еңбекті ұйымдастырудағы өзгерістерге шолу жүргізу  қарастырылған.</jats:p>

Show More

Keywords

жұмыс және еңбек еңбекті Қазіргі

Related Articles