Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептер жағдайында дене шынықтыру сабақтарын жыныстық ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырудың педагогикалық және физио-логиялық негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында теориялық-аналитикалық тәсіл қолданылып, оқушылардың морфофункционалдық, психоэмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар талданады және олардың оқу үдерісінің тиімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін ықпалы ғылыми тұрғыдан негізделеді.Жалпы алғанда, мақаладаотандық және шетелдік ғылыми-педагогикалық тәжірибелер-ге шолу жасалып, мектеп тәжірибесінежыныстық дифференциацияға негізделген оқытудың тиімді үлгілерін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар кӛрсетілген. Дене дамуының ерекшеліктері мен жыныстық айырмашылықтарды ескеру арқылы оқу жүктемесін оңтайландыру, моторлық тығыздықты арттыру және жарақат алу қаупін тӛмендетудіңжолдары сипатталады.Сонымен қатар, қыз балалар мен ұл балалардың физиологиялық даму қарқыны, қозғалыс дағдыларын меңгеру деңгейі және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері ескеріліп, дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруда жыныстық дифференциацияның ӛзекті мәселе екендігі ғылыми түрде дәлелденеді. Осытұрғыда жүргізілген зерттеу инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және мектептегі дене тәрбиесінің жалпы сапасын арттыруға бағытталған.</jats:p>

Show More

Keywords

және дене жыныстық мен жалпы

Related Articles

PORE

About

Connect