Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада аутизм спектрі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру үдерісіндегі невербальді нұсқаулардың рөлі қарастырылады.Зерттеу барысында аутизм спектрі бұзылған балалардың күнделікті тұрмыстық әрекеттерді орындауда жиі қиындықтарға тап болатыны анықталады. Соның ішінде моторлық координацияның бұзылыстары, сенсорлық ерекшеліктері және тілдік-коммуникативтік шектеулер негізгі кедергі болып табылады. Авторлар невербальді құралдардың (визуалды кестелер, пиктограммалар, жесттер, модельдеу) балалардың нұсқауларды қабылдау және орындау қабілеттерін арттырудағы тиімділігін негіздейді. Сонымен қатар, мақалада жеке бағдарланған педагогикалық қолдаудың маңыздылығы мен кезең-кезеңімен оқыту әдістері сипатталады. Зерттеу нәтижелері тәрбиешілерге, арнайы педагогтерге және ата-аналарға аутизм спектрі бұзылған балалардың дербестік дағдыларын дамытуда практикалық көмек бола алады. Мақала нәтижелері невербальді нұсқаулардың аутизм спектрі бұзылған балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдірудегі маңыздылығын және түзету педагогикасы тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттілігін дәлелдейді.</jats:p>

Show More

Keywords

балалардың аутизм спектрі бұзылған және

Related Articles