Abstract
<jats:p>Бұл мақалада аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балалардың жалпы моторикасын дамытудағы бейімделген дене шынықтырудың рөлі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі аутизм спектрі бұзылған балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектеулі болуы мен әлеуметтік бейімделу дағдыларының жеткіліксіздігіне байланысты анықталады. Мақалада бейімделген дене шынықтыру әдістерінің моторлық функцияларды жетілдірудегі тиімділігі талданады, сондай-ақ шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады. Атап айтқанда, халықаралық зерттеулерде қолданылған қимыл-қозғалыс жаттығуларының сенсорлық интеграцияға, тепе-теңдікке және үйлестіруге оң әсер ететіні көрсетілсе, қазақстандық тәжірибеде ұлттық ойын элементтерін пайдалану мен топтық жаттығулардың әлеуметтік бейімделуге ықпал ететіні айқындалады. Мақалада бейімделген дене шынықтыруға қатысты ата-аналар мен педагогтердің көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілгені баяндалады. Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың басым көпшілігі ұлттық ойындарды қолдану балалардың моторлық белсенділігін, эмоциялық көңіл-күйін және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жалпы алғанда, педагогтер мен ата-аналардың 88%-ы қазақ ұлттық ойындарын бейімделген дене шынықтыру бағдарламаларына тұрақты енгізуді қолдайтынын көрсетті. Бұл зерттеу нәтижелері ұлттық мәдениетке негізделген тәсілдің АСБ балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу саласында тиімді екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беру жағдайында бейімделген дене шынықтыруды тиімді қолдануға мүмкіндік туғызады.</jats:p>