Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада терроризмді қаржыландыру құбылысы тар экономикалық не құқықтық категория ретінде емес, әлеуметтік құрылымдардың ішкі логикасымен шартталған көпқабатты феномен ретінде қарастырылады. Автор терроризмді қаржыландыру тетіктерін әлеуметтік өрістердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын капитал алмасу механизмдерімен байланыстыра отырып, оның идеологиялық және мәдени детерминанттарын теориялық тұрғыдан негіздеуді мақсат етеді. Әдіснамалық тұрғыда зерттеу П. Бурдьенің капиталдар теориясы мен өріс концепциясына, У. Бектің «қауіп-қатер қоғамы» тұжырымдамасына және С.Жижектің идеологияны талдау парадигмасына сүйенген синтетикалық тәсілге негізделеді. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі қаржылық мониторинг деректері, радикализацияға қатысты ресми есептер және әлеуметтік медиа дискурсына жүргізілген талдау пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері терроризмді қаржыландырудың әлеу-меттік логикасын үш деңгейде айқындайды: микродеңгейде –сенім, туыстық және бейресми желілердің экономикалық ресурсқа айналуы; мезодеңгейде –діни және этникалық қауымдас-тықтар шеңберінде символдық және идеологиялық капиталдың шоғырлануы; макродеңгейде –трансұлттық қаржы желілерінің легитимациялық құрылымдары. Біз бұл үдерістің тек қаржылық емес, мәдени және коммуникативтік инфрақұрылым арқылы ұдайы өндірілетінін көрсетеміз. Бұл талдау терроризмге қарсы саясаттың тиімділігі бақылау тетіктерімен шектел-мей, әлеуметтік-идеологиялық кеңістікті құрылымдық басқаруды талап ететінін білдіреді. Осылайша, қауіпсіздік саясатын социологиялық парадигма негізінде қайта пайымдау қажеттілігі айқындалады.</jats:p>

Show More

Keywords

және әлеуметтік терроризмді ретінде талдау

Related Articles

PORE

About

Connect