Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі заманғы зерттеулерде азаматтық белсенділік индексі азаматтардың әлеуметтік-саяси үдерістерге қатысуын өлшеудің негізгі құралы болып табылады. Алайда, оларды тұжырымдау мен әдіснамалық тұрғыда қалыптастыруға қатысты бірыңғай көзқарас қалыптаспаған, бұл деректі интерпретациялауда қарама-қайшылықтарға әкеледі. Бұл зерттеу қолданыстағы азаматтық белсенділік индекстерін жүйелеуге, олардың әдіснамалық негіздерін талдауға және өлшеу дәлдігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған. Мақалада «азаматтық белсенділік» ұғымына қатысты негізгі теориялық тәсілдер қарастырылып, оны сандық тұрғыдан бағалау әдістері талданады. Ерекше назар индекстерді әртүрлі критерийлер бойынша жіктеуге және олардың әдіснамалық негіздерін салыстырмалы талдауға бөлінеді. Зерттеу әдіснамасы ғылыми әдебиеттерге жүйелі шолу жасауды, халықаралық индекстерді салыстырмалы зерттеуді және олардың репрезентативтілігі тұрғысынан қолдану мүмкіндігін бағалауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері азаматтық белсенділікті өлшеудің ең сенімді және дәл әдістерін анықтауға, қолданыстағы индекстердегі әдіснамалық олқылықтарды айқындауға және оларды жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу ғылыми және практикалық тұрғыдан маңызды, ол азаматтық қоғамды талдауға арналған неғұрлым нақты құралдарды дамытуға ықпал етеді және саяси шешімдер қабылдау үшін дәлелді базаны нығайтуға көмектеседі.</jats:p>

Show More

Keywords

және азаматтық әдіснамалық белсенділік негізгі

Related Articles