Abstract
<jats:p>Жасанды интеллект саласы кӛптеген елдерде үкіметтің қолдауымен қарқынды дамып келеді. Бұл тақырыптың ӛзектілігі жасанды интеллектінің қолдану аясының кеңдігі мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалымен байланысты, сондықтан оның дамуы мен құқықтық реттелуі кез келген мемлекет үшін маңызды.Мақала жасанды интеллектті этикалық және құқықтық реттеу мәселелеріне арналған. Ол жасанды интеллект қолданудан туындайтын жағдайларды, себептерін, осы бағытта зерттеу жүр-гізген ғалымдардың кӛзқарастарын, оның ішінде, этикалық қағидаттар, олардың деңгейі, мемле-кеттік бағдарламалар, моделін жасаған мемлекеттер туралы қамтылған. Сонымен қатар жасанды интеллектіні басқару және бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша әлемдік тәжірибелерге (Германия, Канада, Жапония, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания) салыстырмалы түрде талдау жасалған.Бұл зерттеу жасанды интеллект туралы зерттеу жасаушыларға арналған еңбек: біріншіден, осы салада бағдарлама жасаушылар мен заң шығарушыларға тиімді ұсыныс болып табылады. Екіншіден заңгерлерге, студенттерге, жасанды интеллектті құқықтық реттеу саласында ізденушілерге арналады.</jats:p>